7-қадам. Бұлтты ортада қорғаудың бастапқы конфигурациясын жасау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бұл қадамда Kaspersky Security Center автоматты түрде саясаттар мен тапсырмаларды жасайды. Қорғаудың бастапқы конфигурациясын жасау терезесінде бағдарлама жасайтын саясаттар мен тапсырмалар тізімі көрсетіледі.

AWS бұлтты ортасында RDS дерекқорын қолдансаңыз, Басқару серверін сақтық көшірмелеу тапсырмасын жасау кезінде Kaspersky Security Center бағдарламасына IAM қатынас кілтін ұсынуыңыз керек. Бұл жағдайда, келесі өрістерді толтырыңыз:

Azure бұлтты ортасында Azure SQL дерекқорын қолдансаңыз, Басқару серверін сақтық көшірмелеу тапсырмасын жасау кезінде Azure SQL Server Kaspersky Security Center туралы ақпарат ұсынуыңыз керек. Бұл жағдайда, келесі өрістерді толтырыңыз:

Google Cloud-та Басқару серверін орналастыруды орындап жатсаңыз, сақтық көшірмелер сақталатын қалтаны таңдауыңыз керек. Жергілікті құрылғыда немесе виртуалды машина данасында қалтаны таңдаңыз.

Қорғаныстың минималды конфигурациясы үшін қажетті барлық саясаттар мен тапсырмалар жасалған кезде Келесі түймесі қолжетімді болады.

Егер тапсырмалар орындалуы тиісті құрылғы Басқару сервері желісінде көрінбесе, онда тапсырмалар тек құрылғы көрінген кезде ғана іске қосылады. EC2 немесе Azure виртуалды машинасын жасап жатсаңыз, онда дана немесе виртуалды машина Басқару серверіне көрінгенше біраз уақыт қажет болуы мүмкін. Желілік агент пен қауіпсіздік бағдарламалары барлық жаңа құрылғыларға барынша тезірек орнатылғанын қаласаңыз, онда Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасы үшін Өткізіп алынған тапсырмаларды іске қосу параметрі қосулы екеніне көз жеткізіңіз. Әйтпесе, тапсырма кестеге сәйкес іске қосылмайынша, жасалған даналарға/виртуалды машиналарға Желілік агент пен қауіпсіздік бағдарламалары орнатылмайды.

Сондай-ақ, қараңыз:

Amazon EC2 данасы үшін IAM рөлі мен IAM пайдаланушысы есептік жазбаларын жасау

Жазылымды, бағдарлама идентификаторын және құпиясөзді жасау

Клиенттің электрондық поштасын, жоба идентификаторын және жеке кілтті жасау

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Amazon RDS-пен жұмыс істеу

Azure SQL-мен жұмыс істеу

MySQL үшін Google Cloud SQL данасымен жұмыс істеу

Басына оралу